Моңғолиядан келген азаматтар республика шекарасынан шығарылды
Күршім аудандық сотында халықтың көші-қоны туралы заңнамасының бұзылуына байланысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме беріп.
Сот отырысында мәлім болғандай, моңголиялық 5 азамат шілдеде туыстарының шақыруымен Қазақстанға келіп, Глубокое ауданына тіркеуге тұрған.
– Бірақ тамыз айының ортасынан бері олардың Күршімдегі Маралды ауылы «Қарлығаш» жерінде, яғни тіркелген жерінен басқа аумақта жүргені анықталды, – делінген аудандық соттың ақпаратында.
Қазіргі уақытта олар республика шекарасынан шығарылған екен.