KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

"Өтірікші болғым келмейді" – Күршімнің ауылдарына ауызсу қашан тартылып бітетіні белгісіз

8.10.2019, 07:50 159

Күршім ауданының ауылдарына ауызсу толықтай қашан тартылып бітетіні беймәлім, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы аудан әкімінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Көл жағалауында орналасқан Ақсуат, Аманат, Жолнұсқау, Шеңгелді, Боран, Марқакөл, Ақши сынды ауылдар әлі күнге ауызсудан тарығып отыр. Құдықтың суын ішу мүмкін болмағандықтан, тұрғындар көлікпен (водовозбен) тасиды. Солардың ішінде екі жыл бұрын Боранға су тарту жұмысы басталғаны белгілі, бірақ бұл іс әлі аяқталмады. Тіпті  мерзімді басылымдарда, әлеуметтік желілерде жұмыстың дұрыс істелмей жатқаны айтылып-жазылуда.

– «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қалжыр ауылына су құбырын тартуды бастадық. Күршім мен Марқакөл ауылына экспертиза жасауға ақша бөлінген. Төрт ай ішінде жобалық-сметалық құжаты жасалуы керек. Содан кейін барып, келесі жылы су тарту үшін республика бюджетінен қаражат сұраймыз. Ал Боран ауылындағы жұмыс 2016 жылы басталып еді. Құны 618 миллион теңге болған. Қазір монтаждау сынды соңғы жұмыстар қалды. Яғни, 31 миллион теңгенің ісі. Жыл соңына дейін аяқтаймыз. Бұл істің созылып кетуіне, жер астынан су шығуы себеп болып тұр, – деген аудан әкімі Дулат Қажанов көл жағалауындағы басқа ауылдарға таза ауызсу қашан жететіні белгісіз екенін айтты.

– Жоғарыда айтқанымдай, қазіргі уақытта үлкен жобаларға қаражат бөлінген. Бірінші кезекте, Марқакөл, Күршім, Барақ батыр, Маралды сынды ауылдар тұр. Маралдының жобалық-сметалық құжаты дайын. Басқа үш жоба биыл даярланса, оларды да республикадан қаражат сұрауға жібереміз. Ал жағалаудағы өзге ауылдардың мәселесімен таныспын. Жолы, мектебі... оларға қатысты сұрақ көп. Бұл мәселелер күнделікті жоспарымыздың ішінде бар. Ауызсу жайын қай уақытта шешеміз дегенге келсек... Нақты мына уақыт деп көрсетіп, өтірікші болғым келмейді, – деді Дулат Қажанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив