KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

ШҚО әкімі жеке қабылдау өткізді

4.10.2019, 05:30 145

ШҚО-ның алты тұрғыны аймақ басшысының жеке қабылдауында болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Түрлі сауалдармен және проблемалармен әкімге жүгінген адамдардың барлығы аймақ басшысының қолдауын алып отыр.

Мысалы, Назарбаев даңғылы, 66 мекен-жайында орналасқан үйдің мәселесі айтылды. Тұрғындардың сөзінше, үйдің фасады күрделі жөндеуді қажет етеді. Кей жерлерде карниз опырылып құлап жатыр екен.

- Біз Метталургтер мәдениет үйі мен Бульвардың жанындағы үйлерді міндетті түрде жөндейміз. Бұл көшені 50-ші жылдардың стилінде көркемдегіміз келеді. Алайда дәл қазір ғимараттардың фасадын жөндеуге құқығымыз жоқ. Алдымен оған рұқсат ететін заң шығу керек, - дейді ШҚО басшысы Даниал Ахметов.

Әкімнің қабылдауына аталмыш даңғылдың 85-ші үйінің тұрғындары да келіпті. Олар үйдің ауласында жанармай құю станциясының құрылысы жүріп жатқанын жеткізді. Адамдар бұған наразы. Осыған байланысты олар сотқа шағымданып, нысанды өзгертуді талап етіп жатыр.

Облыс әкімі құрлыстың қаншалықты заңға сай жүріп жатқанын анықтауға уәде етті. Егер заңға қарсы болса, құрылыс жүргізіп жатқан компания әкімшілік, тіпті, қылмыстық жазаға да тартылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу