KZ
Өскемен
-29°
небольшая облачность жел 4 м/с, СШ
522.42 543.89 5.28

Самал саябағындағы жас ескекшілердің дайындығы неге тоқтады?

1.10.2019, 10:15 100

Самал саябағындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ескекшілер дайындық жүргізе алмай жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кетейік, Ертістен бөлінген бір тоған су Самал саябағын қоршай ағып жатқан еді. Сонда жас спортшылар байдарка және каноэ қайықтарымен дайындалатын.

– Ол жер қазір суы тартылып, батпақ болды. Балалардың дайындығы тоқтап қалды, – деп шағымданды балалардың ата-аналары.

Бұл мәселе қалалық әкімдікте қаралды. Онда берілген жауапқа сенсек, қазір тоған қайтадан ашылды. Балалар жуық арада дайындықтарын қайта жалғастыра алады. ТҮКШ бөлімінің басшысы сол жерге барып, мән-жайды бақылауға алады. Тоғандағы су жеткіліксіз болса, арнаны кеңейтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу