Қазан айының басында ауа райы қандай болады?
Қазан айының алғашқы күндерінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазақстанға ауған антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды тоқтатады. Қазанның 1-інен 3-іне дейінгі аралықта түнгі уақытта -6 градусқа дейін суытады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Антициклонның Батыс Сібірдің оңтүстігі мен солтүстік-шығысқа жылжуына қарай ауа температурасы біртіндеп жоғарылай түседі екен.
Оқи отырыңыз