KZ
Өскемен
-21°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
522.42 543.89 5.28

«Игілік» бағдарламасының игілігін көру үшін несие тарихың оңды болуы керек

28.09.2019, 08:44 115

Өмірінің үлкен бөлігін ішкі істер органдары қызметінде өткізген бородулихалық тұрғын зейнетке шыққан соң өз ісін бастауды ұйғарды. Осылайша «Игілік» бағдарламасының игілігін көруді мақсат еткен ол мемлекеттен несие алып сиыр санын көбейтуді қолға алған.

Бородулиха ауылының тұрғыны Байжан Смағұлов мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін бір жыл бұрын Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгінген болатын. Еш кедергісіз бір ай уақыт ішінде барлық құжаттарын ресімдеген ол «Игілік» бағдарламасы арқылы 6 пайыздық үстемемен 2 млн. 900 мың теңге мөлшерінде несие алып ісін бастап кеткен.

– Бұл жердегі басты талап адамның кепілге қоятын мүлкі болуы керек, сондай-ақ оңды несие тарихы мен қандайда бір қаржы институттары алдында берешегі болмауы қажет, – дейді Байжан Дарханұлы.

Сатып алған 10 бас ірі қарадан биыл жеті төл алған кәсіпкер сауын сиырлармен қатар етті ірі қара бағытын да бірге дамытуды жолға қойып, отбасылық бизнесті осылайша дөңгелетіп отыр.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу