KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
491.7 531.28 5.07

Бүгін магнитті дауыл соғады

27.09.2019, 07:28 169

Бүгін жер бетінде денсаулыққа аса қауіпті дауыл байқалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Мамандардың айтуынша геомагнитті дауыл үш күнге созылады екен.

Тіршілік атаулыға кері әсерін тигізетін дауыл күн бетіндегі жарықтану процесі кезінде соғады.

Бұл туралы дәрігер мамандар не дейді екен?

– Магниттік дауылды әр адам әр қалай қабылдайды. Кейбіреуіде тіпті ешқандай белгі байқалмағанымен әсері ертеңгі күні білінуі мүмкін. Сондықтан магнитті дауыл кезінде далаға шықпаған дұрыс. Өйткені қан құрамындағы мелатонин төмендеп, кортизол жоғарылайды. Оның ішінде, жүкті әйелдерге, қан қысымы төмен және жоғары кісілерге, кішкене балаларға мүлдем сыртқа шығуға болмайды. Магнитті дауылға жеңіл қарамау қажет, өйткені бұл уақытта адамның миына қан құйылып кетуі де мүмкін, - дейді терапевт Индира Әбдіқадырова.

Айтпақшы, егер тысқа міндетті түрде шығу керек болса, сөмкеңізге дәрі-дәрмек салып алғаныңыз дұрыс. Геомагнитті дауыл күні аса ащы, майлы тағамдардан, ішімдік пен кофеден бас тартып, суды көбірек ішу керек.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, магнитті дауылдан келер зиянның алдын алу үшін адамдар жүйке жүйесіне салмақ түсірмей, ерте ұйқыға жатып, жұмыстарын түске дейін бітіріп тастауы керек екен.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив