KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
491.7 531.28 5.07

Шілде айының соңында ең күшті магниттік дауыл байқалады

24.07.2019, 07:13 260

Шілде айының аяқ кезіне қарай күні жер бетінде денсаулыққа аса қауіпті дауыл байқалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қандай дауыл дейсіз бе? Магниттік дауыл, қысқаша түсіндіріп өтсек. Тіршілік атаулыға кері әсерін тигізетін дауыл күн бетіндегі жарықтану процесі кезінде соғады. Яғни күн адамзатқа тек қана жарық пен жылу ғана беріп қоймай, кей кезде өз кесірін де тигізеді екен. Дәл осы уақытта ғарыштағы түрлі зарядталған бөлшектер жер бетіне ұшады. Соңғы онжылдықтағы ең күшті магниттік дауыл шілденің 29-ы күні болады деп күтілуде. 

Бұл туралы дәрігер мамандар не дейді екен?

– Магниттік дауылды әр адам әр қалай қабылдайды. Кейбіреуіде тіпті ешқандай белгі байқалмағанымен әсері ертеңгі күні білінуі мүмкін. Сондықтан магнитті дауыл кезінде далаға шықпаған дұрыс. Өйткені қан құрамындағы мелатонин төмендеп, кортизол жоғарылайды. Оның ішінде, жүкті әйелдерге, қан қысымы төмен және жоғары кісілерге, кішкене балаларға мүлдем сыртқа шығуға болмайды. Магнитті дауылға жеңіл қарамау қажет, өйткені бұл уақытта адамның миына қан құйылып кетуі де мүмкін. Инфаркт пен инсульттер де осы бір дауыл кезінде жиілеп кететіні бар. Денені белгісіз шаршаңқылық басып, көздің қарауытуы мүмкін, егер басыңыз ауырып, өзіңізді біртүрлі сезінсеңіз дәрігерге барғаныңыз дұрыс. - дейді терапевт Индира Әбдіқадырова.

Айтпақшы, егер тысқа міндетті түрде шығу керек болса, сөмкеңізге дәрі-дәрмек салып алғаныңыз дұрыс. Геомагнитті дауыл күні аса ащы, майлы тағамдардан, ішімдік пен кофеден бас тартып, суды көбірек ішу керек.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, магнитті дауылдан келер зиянның алдын алу үшін адамдар жүйке жүйесіне салмақ түсірмей, ерте ұйқыға жатып, жұмыстарын түске дейін бітіріп тастауы керек екен.

Олай болса, 29 шілде күні сақ болайық!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив