KZ
Өскемен
-24°
облачно с прояснениями Штиль
522.42 543.89 5.28

«Стилім түрлене түскендей». Головкин Деревянченконы нокаутқа түсіруге уәде берді

25.09.2019, 04:42 42

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 5 қазанда өтетін Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. GGG жаңа бапкерінің жұмысына, жекпе-жек өткізу стратегиясы мен тактикасына дән риза екенін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Қазір менің идеям мүлде бөлек. Бокс интеллектімен байланысқан өзгеше жол. Бұны 5 қазанда дәлелдеймін, көпшілікке паш етемін. Әлбетте 100 пайызға өзгергенім жоқ. Өйткені екі-үш айда толық өзгермейсің... Бэнксте идея жетерлік. Күнде біріге жұмыс істейміз. Қазір әлдеқайда күшті екенімді сеземін. Жұдырықтасуға, жылдамдыққа, тайминг пен комбинацияға көбірек қызығушылық танытып жүрмін. Қазір стилім түрлене түскендей. Бұл өте жақсы. Нокаутқа түсіре аламын, мен оны жеңемін, – дейді Головкин Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу