Өскеменде ауыз судың сапасы нашарлайды
Өскеменде Әуежай ауданындағы ескі су жинақтағыштың жұмысы тоқтатылады. Осыған байланысты ауыз судың сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы «Өскемен Водоканал» МКК мәлімдеп отыр.
"24 қыркүйек күні сағата 23.00-де Әуежай су жинақтағышының тоқтатылады, осыған байланысты құбырларда гидравликалық жұмыс режимі өзгеруінен ауыз судың сапасы уақытша нашарлауы мүмкін. Бір тәулікке таза су дайындап қоюларыңызды сұраймыз. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін осы уақыт аралығында цистернамен су жеткізу қызметі ұйымдастырылады", - деп көрсетілген кәсіпорынның хабарламасында.
Қосымша ақпаратты 53-16-52 (жұмыс уақытында сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін), 53-16-61 (тәулік бойы) телефон номерлері арқылы алуға болады.