Алдағы үш күнде ауа райы өзгереді
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында күн жылынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметі бойынша, қазір Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсы болмақ. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, қатты дауыл тұрып, тұман түседі. Оңтүстік аймақтарда ғана әлі де жаз мезгілінің лебі сақталуда.
Алайда алдағы үш күнде бірқатар аймақтарда ауа райы жылынады деген болжам бар.