Өскеменде күйік пен түтіннің иісі қайдан шығып жатыр?
Кеше Өскеменнің Прохладная көшесінің ауданын күйік пен түтін иісі басып кетіп, тұрғындар біраз әбігерге салынған еді. Қалалық ТЖ қызметкерлері бұл жағымсыз иістің қайдан шыққанын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Анықталғандай, қалада қураған шөптен ірі өрт шыққан екен. Соның салдарынан түтіннің иісі жақын жатқан аудандарға таралған.
ТЖ басқармасының ақпараты бойынша, өрт Деповская көшесінде сағат 13.40 шамасында тіркелген. Өрттің жалпы аумағы 90 шаршы метрді құрайды. Жалын отты абайсыз пайдаланғаннан тұтанды деген болжам бар.
Оқи отырыңыз