KZ
Өскемен
-21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
522.42 543.89 5.28

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс. Адам шығыны бар

17.09.2019, 05:27 70

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды. Тәжіктердің гранатамет пен басқа да түрлі қарулардан боратқан оғынан Қырғызстанның бір әскери қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ЕurAsia Daily агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның шекаралық қызметі берген ақпаратқа сенсек, қарулы қақтығыс жер мәселесіне байланысты туындаған.

14 қыркүйек күні Тәжікстанның азаматтары екі шекара арасындағы аумақта (қай елге тиесілі екені белгісіз) әлдебір құрылыс бастамақ болады. Оны өздері «Футбол алаңы» деп атапты. Бұған жауап ретінде 16 қыркүйек күні сол бейтарап жерге қырғызстандық тағы бір азамат құрылыс бастауға бекінеді. Сол күні сағат 19:30 шамасында Тәжікстанның шекарашылары қырғызстандықтарға жұмысты тоқтатуды ескертеді. Алайда ескертулеріне құлақ аспағандықтан, оқ атады.

Екі сағатқа созылған атыста тәжіктердің гранатамет пен басқа да қарулардан боратқан оғынан Қырғызстандағы «Мақсат» шекара бекетінің мұнарасы жанып, мұнара басындағы прапорщик Равшан Муминов қаза табады. Басқа 7 жауынгер жақын маңдағы емханаға жөнелтіледі. Одан бөлек қарапайым халық ішіндегі 6 адам жарақаттанған екен. Жарақаттанғандардың барлығы Бішкекке жеткізілетіні айтылды.

Осы оқиғадан кейін елдің премьер министрі Мұхаммедқалый Абылғазиев күш құрылымдарының басшылығымен жиналыс өткізіп, шекараны күшейтіп, қарапайым халықты қорғауды тапсырды. Содан соң атыс болған Баткен облысына ұшып келіп, оқиғаның мән-жайына қанықты. Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджидин Мухриддинмен телефон арқылы тілдесіп, олардың әрекетіне наразылығын білдірді.

Бүгін екі елдің шекарашылары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері кездесіп, даулы жерге байланысты келіссөз жүргізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу