KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Егер кредиті кешірілетіндер тізімінде жоқ болсаңыз не істеу керек?

9.09.2019, 06:01 67

Қарызының кешіріліп, я болмаса кешірілмейтінін білгісі келетіндер үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арнайы ақпарат әзірледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Қазіргі таңда Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек деген сұрақтар туындауда. Осы сұрақтарды талқылап, кіші-гірім лайфхактармен бөлісуді жөн көрдік», - делінген Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалы бөліскен баспасөз мәлімдемесінде.
Өз мәртебеңізді қалай тексеруге болады?

- enbek.gov.kz сайтына кіріңіз;

- «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» тетігін таңдау;

- өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді білу.
немесе:

- 111 біріңғай нөмеріне хабарласу.

Тағы да:

- egov.kz электронды порталында көруге болады.

Басқа амалыңыз болмаса:

- ХҚО-ға барыңыз.

Алайда, егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек.

Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда Сізге банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу