Департамент азаматтың құқықтарын қалпына келтіруде жедел әрекет етті
Фото: pexels.com
2024 жылғы 19 қарашада Департаментке Өскемен қаласының тұрғынынан «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметінің нәтижесін ала алмағанына қатысты өтініш түсті.
Өтінішті қарау барысында, 2024 жылғы 12 қарашада аталған азамат Шығыс Қазақстан облысы бойынша Әділет департаментіне осы мемлекеттік қызметті алу туралы өтінішпен жүгінген. Ол 2024 жылдың 15 қарашасында заңнамалық білімді тексеруден және практикалық дағдыларды бағалаудан тұратын тестілеуден сәтті өтті.
ҚР Әділет министрінің және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бірлескен бұйрығына сәйкес, аттестаттаудың әрбір кезеңінің нәтижелерін тестілеу операторы соңғы кезең аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тиісті әділет департаменттеріне жіберуге тиіс.
Алайда, жолданымды қарау барысында техникалық себептер бойынша аттестаттау нәтижелері Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне уақтылы жіберілмегені белгілі болды.
Департаменттің араласуынан кейін, 2024 жылғы 20 қарашада аттестаттау нәтижелері уәкілетті органға жіберілді.
Нәтижесінде азаматтың құқығы қалпына келтірілді және 2024 жылдың 22 қарашасында жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өту туралы шешім қабылданды.
Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Сіз Департаментке: Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 4 мекенжайы бойынша немесе 8(7232)76-50-88 телефон нөмірі немесе «Telegram» «EgovKzBot2.0» қосымшасы бойынша жүгіне аласыз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
ШҚО бойынша Департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Е.М. Айқымбеков