Балалар Ертіс өзеніне теплоходпен саяхатқа шықты
Бесқарағай ауданының мүмкіндігі шектеулі жастары мен балалары Семей қаласындағы Ертіс өзеніне Шоқан Уәлиханов атындағы теплоходпен саяхатқа шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Теплоходта балаларға арналған шоу-бағдарлама қойылды. Балалар аниматорлармен бірге қызықты ойындар мен түрлі сайыстарға қатысты. Теплоходтың екінші қабатында жастарға арналған жанды музыка шырқалып, би жарысы ұйымдастырылды.
Экскурсия аттракциондар паркі мен "Бейбітшілік" саябағындағы ұмытылмастай естеліктермен аяқталды.
Ерекше қажеттілігі бар адамдар күні бойына сергектік пен жақсы көңіл-күйге бөленді.
Оқи отырыңыз