ШҚО-ның барлық ауданында SMM бөлімдері ашылады
Шығыс Қазақстанның барлық ауданында SMM (Social Media Marketing) бөлімдері құрылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы облыс басшысы Даниал Ахметов «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси бюросында айтты.
«Цифрлық офистер» үлгісіндегі бөлімшелер жастар ресурстық орталықтарының базасында құрылмақ.
– Біз өзіміздің ақпараттық стратегиямызды түбегейлі өзгертуіміз керек. БАҚ объективті және жедел ақпарат көзі болуы тиіс, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Аймақ басшысының пікірінше, СММ бөлімдері имидждік жобалардың жандануына тигізер пайдасы зор.
Айта кету керек, мұндай құрылым қазіргі күні «Шығыс ақпарат» ЖШС базасында жұмыс істеп тұр.