KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Worldskills Kazan-2019: Қазақстан құрамасы 14-ші орында

28.08.2019, 08:24 125

Татарстанда өткен Worldskills Kazan-2019  чемпионатына әлемнің 63 мемлекетінен келген 1300-ден астам қатысушы жеңісті қолдан бермес үшін күресті, деп хабарлайды алтайньюс тілшісі ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Нәтижесінде Семейдегі электротехникалық колледждің студенті Әли Әскерханов Juniorskills WordSkills Kazan 2019 чемпионатында "Пилотсыз авиациялық жүйені басқару" аталымын ұтып алды. Ал Семейдегі электротехникалық колледждің студенттері Исажан Раисов пен Александр Бетцольд байқауда мехатрониканы жетік меңгергендерін көрсетіп, "Medallion for Excellence” және “Best of national” медалімен марапатталды.

Осылайша, команда қатысушыларының еңбегімен чемпионаттың төрешілері біздің жерлестерімізге жоғары баға берді. Сөйтіп жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 14 орынды иеленді. 2017 жылы Абу-Дабиде өткен әлемдік чемпионатта қазақстандықтар 24-і орынды иеленген болатын. Ал осы жолғы чемпионатта біздің құраманың мүшелері дайындықтарының мықты екенін көрсетіп, алдыңғы қатардан көрінді.

45 ші мәрте өтіп отырған әлемдік деңгейдегі байқаудың бас жүлдесі бұл жолы Қытай командасының қоржынында кетті. Ресей екінші орынға табан тіресе, Оңтүстік Корея жастары үшінші орынға қол жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив