KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Күздің алғашқы айында күн ысиды – Синоптиктер

27.08.2019, 08:52 106

Қыркүйектің мизам шуағы ұзаққа созылатын сияқты. Мамандардың айтуынша, күздің алғашқы айында күн ысиды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Орташа есеппен алғанда, күндізгі уақытта ауа температурасы 22-25 градусқа дейін жоғарыласа, түнде сынап бағанасы 10-12 градусты көрсетеді.

«Қазгидрометтің» ақпаратына қарағанда, қыркүйектің бірінші онкүндігі жаңбырлы болады деп күтілуде. Алайда соның өзінде сынап бағанасы күндіз 13 градустан төмен түспейді, тек түнгі уақытта ауа температурасы +6 градусқа дейін төмендейді. Ал 10 қыркүйектен бастап күн қыздыра түседі.

Екінші онкүндіктің ортасынан бастап жауын жауып, тиісінше күндіз 11 градус, 1-3 градусқа дейін салқындайды. 22 қыркүйектен бастап күн қайта жылынады. Жалпы алғанда ауа температурасы қыркүйектің соңына дейін тұрақты болады дейді мамандар. Синоптиктер осыған орай қыс ұзақ әрі қатал болуы мүмкін деп болжам жасап отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив