KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Семейдің әкімі қаланы велосипедпен аралап жүр

26.08.2019, 07:15 58

Семей әкімі қала көшелерін велосипедпен аралап жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жұмыс уақытын таңғы 6:00-ден бастаған Ермак Сәлімов орынбасарлары мен әкімдіктегі бөлім басшыларын жинап Юность ауданына барып қайтты.

Қала көшелерін шарлаған әкім, тұрғындармен жолығып арыз-тілектерін тыңдады. Қоқыс шығару мәселесі ушығып тұрған аудандарды суретке түсірді. Әкімнің айтуынша, бір сағаттың ішінде көптеген мәселелерді көруге болады.

Әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен әкімнің әрекеті жұртшылықты сүйсіндірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу