KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 13,8 м/с, ОБ
527.58 546.15 5.29

Семейдегі жарты ғасырлық тарихы бар стадионда бір де бір шам жоқ

20.08.2019, 05:31 196

«Қаланың орталығында болса да, тас қараңғы». Семейдегі «Спартак» стадионында бірде бір шам жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

1966 жылдың 8 шілдесінде ашылған «Спартак» стадионы халық үшін қашанда ыстық. Алайда,  қала жұртшылығы тас қараңғы боп жатқан стадионның жұмысы жанданса дейді.

 – Семей Қазақстанның «Рухани-мәдени» орталығы. Сондықтан да қала көшелері мен әдемі орындардың барлығына жарық орнату қажет. Мәселен, Спартак стадионы осымен нешінші жыл тас қараңғы болып тұр. Ол футбол алаңы ғана емес, жалпы еліміз үшін тарихи орын ғой. Стадионға арнайы LED шамдарды орнатсақ, қаланың да шырайы ашылып қалар еді,  –  дейді қала тұрғыны.

 Осы сұраққа байланысты қалалық ТҮКШ бөлімі не дейді?

 – Иә, стадионның жарықсыз тұрғаны рас. Ол үшін ең алдымен жобалау-сметалық құжаттасын әзірлеу қажет. 2020 жылы бұл мәселе бойынша өтінім береміз. Егер қаражат бөлінсе, шамдарды орнатамыз,  – дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу