Семейліктер "Спорт күнін" қалай қарсы алды?
Семей әкімі спорт күні қарсаңында ардагер спортшылармен жүздесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Ермак Сәлімов өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың қарашасындағы жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбiсi «Спорт күнi» деп жарияланған болатын
Күн сайын «Денсаулық жолы» дейтін саябақта кездесетін спортшылар қала жастарына үлгі-өнеге. 18-ші тамыз күні мерекеге орай денешынықтыру мұғалімдеріне естелік ретінде медаль табысталды.
– Қаламызда жас буынға осылай салауатты өмір салтын насихаттайтын жандардың болуы әрине бізді қуантады. Жыл санап қатарлары да артып келеді, – деген әкім қала жұртшылығын спорт күнімен құттықтады.