Өскеменде «Ромашка» дүкенінің маңындағы орындықтар жөнделеді
Өскеменде «Ромашка» дүкенінің маңындағы орындықтар жөнделеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Ustinka.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
«Ромашка» дүкені жанынан өтетіндердің тең жартысы дерлік аялдайтын орындықтардың әбден тозығы жеткен.
– Орындықтарды жөндеп берсе жақсы болар еді. Олар бізге өте қажет, – дейді Раиса Семеновна.
Қала тұрғындарының тілегін қалалық ТҮКШ бөлімі жерге тастамаймыз деп отыр. Тамыз айының соңына дейін «Өскемен Тәртіп» орындықтарды жөндеп қоймақ.
Оқи отырыңыз