KZ
Өскемен
небольшой снег жел 8 м/с, ОБ
527.58 546.15 5.29

Өскеменде байқауға қатыспай-ақ 5 пайыздық несиемен баспана алуға болады

15.08.2019, 10:53 122

Өскеменде ешқандай байқауға қатыспай-ақ 5 пайыздық несиемен баспана алуға болады. Бұл туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қаладағы филиалы Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Күленов кенті Верхняя Магистраль көшесіндегі 9 қабатты үйден ешқандай байқауға қатыспай-ақ таңдаған пәтеріңізді (1, 2, 3, 4 бөлме) брондай аласыз! Ол үшін baspana.kz сайтына кіріп, қалаған үйіңізді белгілейсіз. Содан кейін үш күн ішінде (жұмыс күндері) банкке келесіз. Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып отыр, – деп жазылған банк парақшасында.

Онда жазылғандай,

– сіздің банкіде жинаған қаражатыңыз болуы керек;

– жинаған қаражатыңыз таңдаған үйіңіздің 20 пайызына жетуі керек;

– төлей алу мүмкіншілігіңіз тексеріледі;

– басқа пәтеріңіздің болу-болмауы маңызды емес.

Брондау 16 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады. Ал үй, шамамен, қазан айында қолданысқа беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу