Өскеменде әлеуметтік бағамен көмір сатылып жатыр
Қала әкімі арзан бағамен көмір сатылып жатқанын шаһар тұрғындарының есіне салды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айтуынша, қазіргі уақытта көмірдің әрбір тоннасы – 8 750 теңге. Ал оны әлеуметтік жағдайы төмен келесідей отбасыларға жеңілдікпен жеткізіп береді.
– Әлеуметтік жағдайы төмен;
– көпбалалы және толық емес;
– мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған;
– І және ІІ топтағы мүгедектер;
– Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері;
– зейнеткерлер;
– интерноционалист-жауынгерлер;
– шетелден оралған қандастарға;
– Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандарға.
Қазірге дейін 9 000 мың тонна көмір сатылған екен.
Толық ақпаратты 777-236 байланыс нөмірі арқылы немесе жергілікті өзін-өзі басқару комитетінен білуге болады.