ҚР V спартакиадасы: ШҚО құрамасының қоржынында тағы бір алтын
Бұл Шығыс Қазақстан құрамасының екінші алтын жүлдесі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ҚР V Спартакиадасы аясында өтіп жатқан ауыр атлетика бәсекесі Шығыс жұртшылығын тағы бір жағымды жаңалығымен қуантып отыр. Құрамамыздың қоржынында тағы бір «алтынмен» толықты. Оның иегері – Алтай қаласының тумасы Денис Ұланов. 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Денис бірінші жаттығуда 150 келіні жұлқа көтерсе, серпе көтеруде 182 келіні сілкіп атты. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ұланов 332 келіні бағындырды.
Зілтемірші Денис Ұлановтың есімі Шығыс ғана емес, республика көлеміне әйгі. Денис 2015 жылы Ресейдің Грозный қаласында өткен беделді халықаралық турнирде жеңіске жеткен еді. Дәл сол кезден бастап Алтайдың ұланы ауыр атлетиканың жаңа бір жұлдызы туып келе жатқанын барша әлемге жар сала хабарлады. Содан кейін 2016 жылғы Олимпиадада қола жүлде Ұлановтың еншісіне бұйырды.
Естеріңізде болар, бұған дейін өскемендік зілтемірші қыз Дарья Павлова жеңіс тұғырынан көрінген болатын.