Өскеменде халық АвтоЦонның есігін жұлып алды (ВИДЕО)
Өскемендегі АвтоЦонның жыры әлі таусылатын емес. Сағат 10:00-де ашылатын АвтоЦонның кезегі күнде таңғы 7:00-ден басталып кетіп жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Бүгін кезек күтушілердің көптігі сонша, уақытынан бұрын есікті жұлып алып ішке еніп кетті, – деген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ерхат Жәлелов халықты сабырға шақырды.
Айтуынша, тамыз айының соңына дейін тағы екі терезе ашылады. Ол Қазақстан мен Мыза көшелерінің қиылысында болмақ.
Одан кейін қыркүйек айында мәслихат жиыны болып, жеке АвтоЦон ашуға қаражат бөлініп-бөлінбейтіні талқыланады.
Естеріңізде болса, бұдан бұрын да (шілдеде) осыған ұқсас оқиға АвтоЦон алдында болған еді.