KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

"Биыл 90-нан астам газ баллоны жарылды" – ШҚО-да аудан халқына ескерту жасалды

5.08.2019, 05:04 123

Газ жарылысының салдарынан қайғылы оқиғалар елімізде жиі болып тұрады. Бір адамның ұқыпсыздығынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан көрші тұратын бірнеше шаңырақ қайғылы жағдайға тап болып, зардап шегеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2019 жылдың 6 айындағы есеп бойынша, елімізді 90-нан астам газ баллонының жарылу фактісі тіркеліп, ондаған адам зардап шекті. 

- Қазір халық, әсіресе ауылды жердің тұрғындары тұтастай баллонға сығымдалған пропан, бутан газдарын ас әзірлеуге, үй жылытуға көптеп пайдаланады. Көгілдір отын адамдарға қолдану жағынан өте ыңғайлы – тез тұтанады, таза, ыдыстарға күйе жұқтырмайды, түтін шығармайды. Былай алып қарағанда газдың отын ретінде пайдасы теңдессіз, бірақ адамдар оның қатерлі жақтарын көбінесе еске ала бермейді. Газға ұқыппен қарамай, сәл ғана қателік кетсе, «дос» болып жүрген пропаныңыз нағыз қатерлі жауыңызға айналып, жақындарыңызға және үйіңізге үлкен апаттар әкелуі мүмкін екенін білген жөн, - дейді Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Дәурен Тұрғали.

Қазақстан Республикасының «Газ туралы» Заңы бойынша, газ балон қондырғысын 2 қабаттан жоғары тұрғын үйлерде пайдалануға және сақтауға тыйым салынады.

Қазіргі кезде газ баллондар барлық жерде қолданылады. Газ баллондары алыстағы ауылдарға да таратылады, табиғат аясына демалуға шығатындар өздерімен алып жүреді. Сондықтан оның пайдасымен бірге қаншалықты қауіпті екендігін білген жөн. Адамдар шоғырланған жерде газ баллон жарылса, кішігірім бомбаның  жарылғанымен бірдей болады, көп шығын әкеледі.

Осыған орай аудандық төтенше жағдай қызметкерлері азаматтарға газ баллондарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Газды пайдаланғанда нені істеуге болмайды:

·         Газ баллондарын, жабдықтарын өзіңіз жөндемеңіз;

·         Газға темір құралдармен соқтықпаңыз, ұшқын шығып атылуы мүмкін;

·         Газ тетіктерін ашып, жабатын құралдарды  қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе балалардың қолына тимесін.

·         Газ қондырғысына жіп байлау жіне үстінде жанғыш заттарды ілуге.

·         Газ қондырғысын бөлмені жылыту үшін пайдалануға.

  Егер газдың иісі шыққанын сезсеңіз:

·         Ашық отты пайдаланбаңыз.

·         Дереу балонды жабыңыз.

·         Бөлмені желдетіп, газдан тазартыңыз.

·         Газ толған бөлмеде телефонды қолдануға, от тұтатуға, ешқандай электр құралдарын қосуға болмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив