Риддерде ер адам суға кетті
Қайғылы оқиға жекесенбі күні Риддердегі Тихая өзенінде қиыршық тас өндіретін карьердің аумағында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жер шомылуға арналмаған екен. 40 жастағы ер адамның суға кетуіне нақты себеп болған жағдай қазір анықталуда.
Суға түсу кезіндегі қайғылы оқиғалар денсаулықтағы ақаулар, мас күйде болу, қауіпсіздік ережелерін сақтамау, өз күшін асыра бағалау секілді жағдайлардың салдарынан болып жататынын айта кеткен жөн.
Оқи отырыңыз