«Қалай өмір сүріп жатырсыздар?» Белгілі заңгер Өскемен экологиясы туралы айтты
Шығыстың бас шаһарына іс-сапармен келіп, қонақтап қайтқан белгілі заңгер Джохар Утебеков Facebook әлеуметтік желісінде Өскемен экологиясы туралы жазба қалдырды , деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Мен екі тәулікке Өскеменге барып қайттым. Бір ай ішінде екінші рет жолым түсіп отыр. Барған сайын тамағым қарлығып ауырады. Ей, адамдар, сіздер қалай өмір сүріп жатырсыздар?.. Мен Экология министрлігі мен ШҚО әкімін Орхус конвенциясын орындауға және тұрғындар үшін экологиялық ақпаратты жариялауға шақырамын, – деді Д.Утебеков.
Заңгер төмендегі сұрақтарға ШҚО әкімдігі мен Экология министрлігінің жауап беруін талап етті.
* Өскемендегі ауаның ластану деңгейі қандай?
* Зиянды заттар бойынша қандай нормативтер бұзылады?
* Өскеменнің ауасын қандай кәсіпорындар ластайды?
• Оларды көшіруге бола ма?