Өскеменде әлдебір жарылыс болды (ВИДЕО)
Өскеменде кеше әлдебір жарылыстың болғаны туралы ақпар тарады. Видеосы да бар. Ол туралы ресми орындар не дейді?
Уk.kz сайтының жазуынша, жарылыс Қасым Қайсенов кенті мен Ахмер ауылының аралығында болған.
– Әдетте қандай да бір нәрсені жармай тұрып бізге өндірістік қауіпсіздік департаменті хабарлап ескертеді. Бұл жолы ешқандай ескертпе алмадық. Сондай-ақ төтенше оқиға болғаны туралы да ақпар келмеді, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері.
Видеодан әлдебір іс-әрекет жасап жатқан адамды көруге болады. Сондай-ақ түсірген адамдардың бірінің «жарыңдар» деп айтты ғой деген сөзін естуге болады.