Өскеменде онлайн-казино ашқан қапшағай тұрғыны ұсталды
Өскеменде онлайн-казино ашқан қапшағайлық азамат айыпқа тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ол бұрын да құмар ойынды кәсіп етіп жүрген. Шығысқа келгенде де ісін әрмен қарай жалғастырмақ болып, әлдебір ойын-сауық мекемесінің ішінен орын жалдап алады. Оны облыс бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері анықтады.
– Ойынға арналған құрал-жабдықтар қойылған бұл ғимаратта оператор мен кассашы жұмыс істейді екен. Ол екеуінің қызметі – компьютерді қосып беру және ақша алып, ақша қайтару. Ал мұнда келуші ойынпаздар әр кіргеніне 10 мың теңгеден тастап отырған, – дейді департаменттің баспасөз қызметкері.
Баспасөз қызметкерінің айтуынша, онлайн-казино иесіне 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінлде (1 515 000 теңге) айыппұл салынды.