ШҚО-да жанармай көлігі өртенді
ШҚО-да далада жанармай тасымалдайтын көлік өртенді. Шаруа қожалығының жұмысшылары мен өрт сөндірушілердің бірлескен шұғыл әрекеті дала өртінің алдын алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ГАЗ-53 автокөлігі 29 шілде күні Ұлан ауданына қарасты Тройницкое және Каменка ауылдарының арасында өртенген.
-Бензовоз егісте жұмыс істеп жатқан техникаға жанармай әкеле жатқан. Кенет капоттың асты түтіндеп, көліктің кабинасы отқа оранады. Жүргізуші көліктен дер кезінде шығып үлгеріпті, - деп мәлімдейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер жеткенге дейін шаруа қожалығының жұмысшылары трактордың көмегімен өртенген көліктің маңайындағы жерді жыртып, жалынның таралуына жол бермеген екен.