"Жылағың келеді" - Өскемен тұрғынына Даниал Ахметов не деп жауап берді?
Облыс әкімі Даниал Ахметов қаладағы автобустардың нашар жағдайда екенін айтып шағымданған қала тұрғындарына жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала тұрғындарының бірі аймақ басшысының блогына мынадай жазба қалдырды: «Өскеменнің автобустарына қарап жылағың келеді. Әйнегі бұлдыр, қай аялдамаға келгеніңді білмейсің. әмбе есіктерінің бірі ашылса, екіншісі ашылмайды. Орындықтары жыртық және көліктердің ішінен жағымсыз иіс шығады. Төбесінен жаңбырлы күні су сорғалайды. Автопарктердің жағдайы мынадай болғанда, электронды билеттендіруге көшуге бола ма? Бәленбай ақша бөлудің қажеті қанша оған? Абсурд!»
Айта кетейік, бұл мәселені осыдан біраз уақыт бұрын «Алтайньюс» те көтерген болатын. Сонда қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен жарытып жауап ала алмағанбыз. Аймақ басшысының назарына іліккен соң ғана іс түзелуге бет алған сыңайлы.
Сонымен, қала тұрғынына берілген жауап қандай дейсіз ғой?
– Қоғамдық көліктердің 60 пайыздан астамы жаңартуды тілеп тұр. «Scania» маркалы автобустардың көбі тозған. Айта кетейін, енді «РОСТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автобустарындағы әлгіндей қараңғы терезелерді биыл ауыстыратын болды. Көліктің іштерін де жөндейді. Бұл өзі біршама қаражатты қажет етеді, – деді Даниал Ахметов.
Ал өзге серіктестіктерде жөндеу жұмыстары жүріп-жүрмейтіні айтылған жоқ.
Аймақ басшысының айтуынша, алдағы уақытта Өскеменге 85 сужаңа автобус келтіріледі.