Санитарлық қызмет тұрғындар сауалына жауап берді – Өскемен
Өскемен қаласының санитарлық қызметі тұрғындардың әлеуметтік желілерде жариялаған наразылығына жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Біраз уақыт бұрын қала тұрғындары кондукторлар мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің карантиндік шектеулерді жиі бұзатыны жөнінде әлеуметтік желілерде жазба қалдырды. Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті желідегі әлеуметтің үнін естіп, ресми түсініктеме берді.
Аумақтық басқармалардың мамандары қоғамдық көліктерде рейд жүргізіп, жеке қорғану құралдарының (маска, қолғап) бар-жоғын тексереді. Мобильді топ қоғамдық көліктердің және «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС-ның қызметкерлерімен жұмыс жүргізуде, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.