KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
497.89 525.12 5

Арыс қаласынан келген балаларға арналған фестиваль өтті

18.07.2019, 11:30 89

Арыс қаласынан Шығыс Қазақстанға келген балаларға арналған «Бір шаңырақ астында» фестивалі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Абай атындағы кітапханада «Қарағайлы» шипажайында демалып жатқан 58 балаға танымдық экскурсиясы жүргізілді. Ұйымдастырушылар балаларды жас мөлшеріне қарай екі топқа бөлді. Ересек топқа арнайы 3 алаң дайындалған. Бұл жерде балалар үстел теннисі алаңы, сұхбат алаңы және балалар әдебиеті бөлімімен таныса алды. Ал кіші топқа уақыт жылдамдығына қарай оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды. Шара Достық үйінде жалғасын тапты. Балалар өзге ұлт өкілдерінің дайындаған мерекелік концертін тамашалады.

- Біз бірлігі мен ынтымағы жарасқан елміз. Қиын кезде көмек көрсету біздер үшін парыз. Бұл шарада өзге ұлт өкілдері «Арыспен бірге» екендіктерін көрсетуде. Балаларға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, тамаша көңіл-күй сыйлауда, - деді Достық үйінің басшысы Надежда Шарова.

Шара соңы «Мектепке барар жол» акциясымен қорытындыланды. Арнайы демеушілердің қаражаты есебінен балаларға мектепке қажет құрал-жабдықтар сыйға тартылды.

Семей қаласы ақпараттық орталығының мәліметінше,  аталмыш шара Семей қаласының Достық үйі, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры мен Абай атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу