KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
518.14 537.57 5.27

Өскеменде тағы бірнеше автобус жол ақысына қатысты жеңілдікті алып тастады

16.07.2019, 08:44 154

Өскеменде тағы да екі автобуста жүргізушілерге жасалатын жеңілдік алынып тасталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

№54 және №55 автобуста 15 шілдеден бастап жүргіншілердің барлығы толық жолақысын төлейтіні туралы хабарлама ілініп тұр.

Сонымен, үлкеннен де, кішіден де 90 теңге алатын тасымалдаушы серіктестіктердің саны үшеу болды. Ал автобустар саны 16-ға жетті.

№25, 25А, 43, 43А ("АТЦ БЭСТ" ЖШС);

№5, 12, 17, 33, 39, 42, 53, 67, 71, 351 ("Vosca" ЖШС);

№54 және №55 ("СТ Автосервис" ЖШС).

Айта кету керек, жоғарыда аталған екі автобус та Ивушка-Ахмер бағытында қатынайды. Қазіргі уақытта саяжайларға баратын жолаушылардың қатары көп-ақ...

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу