KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
518.14 537.57 5.27

"Тереңдігі – 1 метр" – Өскеменде балаларға арналған көл мен жағажай ашылды

16.07.2019, 06:16 177

 

Өскемендегі Самал саябағындағы балаларға арналған көл мен жағажай дайын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сенсек, Ертісті жанай аққан арна қоқыстан аршылып, онда таза су жіберілді. Тереңдігі – 1 метр.

Енді жағалауына орындық, шатыр және күнге қыздырынып жатуға арналған төсектер қойылады.

– Көлшік уақытылы тазартылып, ара-тұра суы да ауыстырылып тұрады, – деді «Астас» ЖШС-ның директоры Борис Невзоров.

Айта кетейік, балалар көлшігінде Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы оқу-жаттығудан өткен құтқарушылар жұмыс істейтін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу