KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Өскемендегі әнші-фонтан күн әбден ысығанда неге өшіп қалды?

15.07.2019, 05:57 166

Өскеменнің орталық алаңындағы әсем әуен ойнатып тұратын түрлі түсті субұрқақ бірнеше күннен бері сап тиылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Ән де жоқ, су да жоқ. Әсіресе демалыс күндері сусап, сая іздеп барған тұрғындар танауы тасқа тиген соң, әлеуметтік желіге арыз-армандарын жарыса жазды.

– Фонтанның неге істемей тұрғанын білгіміз келеді. Ешқандай жерде жөндеу жұмыстары жөнінде мағлұмат жоқ. Ендеше не болды? Неше күннен бері құр босқа барып қайттық, – дейді желідегілер.

Ал қала әкімдігінің мәлімдеуіне қарағанда, субұрқақты кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тазалау үшін бірнеше күнге өшіруге тура келген.

– Қазір субұрқақ тазаланда, жөнделді. Кешеден бері қайта іске қосылды, – дейді әкімдік.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив