"Миллиард бөлінсе де жөндеу жұмысы басталған жоқ" – Семейдегі саябақ
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Семейдің орталық саябағына миллиардтаған қаражат бөлінсе де, әлі күнге жөндеу жұмысы басталған жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме беріп.
Жоба бойынша, саябақты жөндеу жұмысы шілденің соңында аяқталуға тиіс. Алайда ол орындалмайтын тәрізді. Әлі күнге саябақтағы орындықтың міндетін талдың түбірі мен қойтастар «атқарып» келеді.
ТҮКШ бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, жоба дайын. Саябақ еуропалық стандартқа сай жарықтандырылып, жабдықталады. Тек осы жобаның дұрыс сараптамасы келмей жатыр. Сондықтан да жөндеу кешіктірілуде.
– Саябқтағы ағаштардың біразы шабылды, біразы күзелді. Төселген тастар демонтаждалып жатыр. Жақын арада жобаның сараптамасын аламыз, содан кейін барып байқау жариялаймыз. Шамамен, екі-үш айдан кейін саябақ толық жөнделіп бітеді, – деп жауап берді қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Асан Дүйсембаев.