Месси, Роналду, Сауль Альварес... – биылғы жылдың ең табысты 100 адамы
Forbes журналы 2018 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 1 шілдесі аралығындағы ең табысты болған 100 адамды жариялады. Ал біз соның алғашқы ондығын ұсынамыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
1. Америкалық әнші Тейлор Свифт Reputation атты альбомымен тур өткізіп, 226,1 миллион пайда түсірді. Бұл Америка тарихындағы ең көп табыс тапқан тур болып тіркелді;
2. Американың моделі Кайли Дженнер (170 миллион доллар табыс);
3. Америкалық рэпер Канье Уэст (150 170 миллион доллар табыс);
4. Барселона футбол клубының капитаны Лионель Месси (127 миллион доллар);
5. Ағылшындық поп әнші Эд Ширан (110 миллион доллар);
6. Ювентус футбол клубының мүшесі Криштиану Роналду (109 миллион доллар);
7. Пари Сен-Жермен футбол клубының мүшесі Неймар (105 миллион доллар);
8. Америкалық рок топ The Eaglеs (100 миллион доллар);
9. Америкалық психолог, «Доктор Фил» телебағдарламасының жүргізушісі Фил Макгроу (95 миллион доллар);
10. Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Альварес (94 миллион доллар).
Айта кетейік, табыстылардың басым көпшілігі музыкант (38 адам) және спортшылар (34).