KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 8 м/с, ОБ
492.17 522.39 5

ШҚО-дағы «Аквамарин» базасына тұрғындар ақы төлеп өтіп жүр

10.07.2019, 09:22 110

Жуырда облыс әкімі Даниал Ахметов өңір тұрғыны Валентина Акентьеваның өтініш-талабына қатысты арнайы жиын өткізді. Азаматша өз арызында Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан «Аквамарин» демалыс базасына адамдардың еркін кіре алмайтынын айтқан болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тиісті сала мамандары Валентина Акентьеваның өтінішінде көрсетілген жайттарды тексеріп шығып, олардың рас екенін анықтаған. Арнайы комиссия өкілдері «Көгілдір бұғаз» демалыс базасының аумағын толық тексерген, себебі «Аквамарин» осы базаның ішінде орналасқан. Тексеру барысында «Көгілдір бұғаздың» иесі – азаматша Оразбаеваның өз аумағына кіру үшін адамдардан 300-500 теңге мөлшерінде ақы алатыны мәлім болды.

Жиында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Сарманов аталмыш телімнің екі жағынан да қашамен қоршалғанын, сондай-ақ күзетілетін бақылау-өткізу бекеттерімен жабдықталғанын баяндады.
Қазіргі кезде Алтай қаласының әкімдігі бұқаралық сервитут, яғни бөтен жер учаскесін жаяу өту үшін пайдалану құқығын орнату жөніндегі жобаны әзірлеп жатыр. Ол дайын болған соң адамдар жағалауға еш кедергісіз және ақы төлемей жететін болады. Өйткені Бұқтырма су қоймасы заң бойынша жалпыға ортақ нысан болып табылады.

– Бұл ретте Алтай ауданы әкімдігінің адам құқығына деген немқұрайлы көзқарасын көріп тұрмын. Екі азаматқа жер учаскесі беріледі де, араларында сервитут құқығы белгіленбейді. Осыдан кеп тұрғындардың аумаққа өту үшін ақы төлеулеріне тура келеді. Сондай-ақ, жер қатынастары басқармасының да салғырттығы байқалады, ведомство осы жайтты тексеруі тиіс болатын. Тұрғындардан арыз түскенде барып мәселені біліп отырмыз, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Валентина Акентьеваның шағымындағы деректер анықталуына қатысты облыс әкімі прокуратура мен полиция департаментіне және салалық органдарға заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдап, бір айдан соң нәтижесін баяндауды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу