KZ
Өскемен
-31°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
517.84 543.11 5.28

Туристер ШҚО-дағы Марсқа ұқсас жерге барып қайтты

1.07.2019, 05:02 82

«Togas travel club» саятахшылар клубы бір топ туристермен Күршім ауданына саяхаттап қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Туристер Ертістен пароммен өтіп, Барақ батыр ескерткішіне тәу етіп, аудандық өлкетану мұражайын аралады. Ең әуелі ел мен жердің тарихымен танысты осылай.

Одан кейін еліміздегі таңғалдырарлық мекендердің бірі – Қиын Керішке барды. Бұл – қызыл топырақты құлама жарлардан, өркештелген адырлардан, қызғылт сары, ақ, көк және басқа да сан түрлі топырақты мұнаралардан тұратын ерекше шатқал. Шатқал әлем бойынша Марсқа ұқсас мекендер тізімінің көш басында.

Сапар одан ары тағы бір таңғажайып мекен - Шекелместе жалғасты.

- Бұл саяхатшылар клубын құрудағы негізгі мақсат – азаматтардың саяхат жасап, өзіміздің өлкеміздегі таңғажайып туристік орындарды көрсету, адамдардың бойында «туристік» мәдениетті қалыптастыру, - дейді «Togas travel club» саятахшылар клубының жетекшісі Сымбат Рамазанов.

Оның айтуынша, әр апта сайын Семей, Өскемен қалаларынан Қиын-Керіш және Шекелмес шатқалдарына арнайы туристік маршруттар ұйымдастырылып тұрады. Толық ақпаратты 8 777 90 666 17 телефоны арқылы алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу