KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
523.86 544.34 5.11

Бір кабинет деген не сұмдық - Семейдегі жүкті әйелдер (ВИДЕО)

28.06.2019, 09:37 151

Семейдің жүкті әйелдері әбден шаршағандарын айтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– №2 перзантханада кезек тосып отырмыз. 40-қа жуық әйел бір кабинетті күту деген не сұмдық. Бұл не мазақ, қап-қатты орындықтар – деген бейнежазба авторы жақын маңда тіпті су сататын жердің жоқтығын, және әбден шаршағандарын жеткізген.

– Бізде 1 кабинет емес, 4 кабинет жұмыс істейді. Бірақ көпшілігі таңертең келген соң, біраз адам жиылатыны бар, бірақ енді 40 әйел жиналмайды. Ал, түскі үзілістен кейін, дәлізде бірде-бір адам қалмайды. Бәрі күннің бірінші бөлігінде келеді. Біз осындай кезек туындамас үшін поликлиникаларға жүктілерді түскі уақытта жіберіңдер дегенбіз, бірақ бәрі таң атпастан келіп алады. Бейнежазбада бәрі орындықта отыр, егер 40 адам болса есікке дейін тұрып қалушы еді. Төрт кабинет те жүкті әйелдерді қабылдайды, – дейді директордың, емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнара Қажебекова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу