Шығыстағы “Жайлы мектепте” тоқу өнері сабағы енгізілуі мүмкін
Шығыс Қазақстан облысында өңірде “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында ашылған мектептерде тоқу өнері сабағын енгізілуі ықтимал. Бұл бастаманы облыс әкімі Ермек Көшербаев «Ертіс-концерт» залында өткен «Туған ел – алтын бесігім» жобасы аясындағы қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесінде көтерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс басшысының айтуынша, Өскемендегі жаңадан салынған жайлы мектептердің бірі тоқу станоктарымен жабдықталған, бұл ежелгі қолөнерді оқыту үшін тамаша мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар, әкім жастардың тарихқа, мұражайлар мен дәстүрлерге деген қызығушылығын оятудың маңыздылығын да атап өтті. Ол қолданбалы өнерді дамыту - мәдени мұраны сақтаудың бір жолы екенін айтты.
Тоқу шеберлері әкімнің ұсынысын қолдап, өз тәжірибелерін жас ұрпақпен бөлісуге дайын екендіктерін жеткізді. Көрме барысында олар киіз, жіп және матадан жасалған бұйымдарын таныстырып, тоқу станоктарында шеберліктерін көрсетті.