KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 9 жастағы баланы кене шағып алды

20.06.2019, 05:13 170

Бұқтырма су қоймасының демалыс базаларының бірінде 9 жастағы баланы кене шағып алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Демалыс орнында дәрігерлік пункт болмағандықтан, баланың ата-анасы көрші орналасқан "Алые паруса" сауықтыру лагеріне көмекке жүгінген. Көп ұзамай, дәрігер баланың терісіне кіріп кеткен кенені алып шыққан. Алайда, энценфалитке қарсы екпе егілмеген баланың шұғыл емханаға баруы қажет еді. Уақытты құр жібермеген құтқарушылар бригадасы баланы қайықпен су қоймасының басқа жағасына жеткізіп жедел медициналық көмектің көрсетілуіне септігін тигізді.

Айта кететін жайт, ШҚО-да соңғы үш айдың ішінде 2000-нан астам адамды кене шағып, оның бесеуі кене энценфалитін жұқтырған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу