KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Өскеменде кенелерді тексереді

8.04.2019, 07:57 207

Өскеменде мамандар кене шағып алған жағдайда, жәндікті зертханаға апарып тексертуге кеңес береді, деп хабарлайды Алтайньюс тілішсі.

Естеріңізге сала кетсек, 2 сәуірге дейінгі аралықта облыс орталығының екі тұрғынын кене шағып алған еді.

Бұл жәндіктердің қауіпті кене энцефалиті инфекциясының таратушысы екені белгілі. Сондықтан кене шаққанда бірден медициналық көмекке жүгінген жөн.

Ересектерді Абай даңғылы, 18 мекен-жайындағы медициналық мекемеде, балаларды – Өтепов, 37 мекен-жайындағы Ана мен бала орталығында қабылдайды.

Кенені теріден өзіңіз алып шыққан болсаңыз, оны зертханада тексертуге болады. Мамандар кене энцефалитін анықтайды. Зертханалық тексерулер Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 17 мекен-жайындағы Ұлттық сараптама орталығында өткізіледі (5 қабат).

Жұмыс уақыты: күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Демалыста және мейрам күндері келесі телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: 8-705-752-79-67.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу