Мұқағали Мақатаев туралы фильм Өскеменде түсіріліп жатыр
«Қазақфильм» киностудиясы Мұқағали Мақатаев туралы көркем фильмнің түсірілім жұмыстарын Өскеменде бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Фильмнің режиссері Болат Қалымбетовтің айтуынша, кино ақын өмірінің соңғы жылдарынан сыр шертеді.
Сол кезге сай картинаны көрсету үшін Өскемендегі ескі үйлер орналасқан Стаханов, Металлург көшелері таңдалып алынған.
Түсірілімнен бейнеүзікті osa_uka_vko парақшасынан көруге болады.
Түсірілім жұмыстары одан ары Санкт-Петербор, Алматы шаһарларында жалғасады
Оқи отырыңыз