KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да 14 жасқа толмаған 27 бала наркологиялық есепте тұр

5.06.2019, 09:20 211

Шығыс Қазақстан облысы бойынша нарколог дәрігерлердің бақылауында тұрған 14-тен 28 жасқа дейінгі 2186 адамның 8,6 пайызы жасөспірімдер. Бұл жөнінде ШҚО Психо-неврологиялық диспнсерінің психиатр дәрігері Зоя Казачек хабарлады.

«Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы әлемдік қоғамдастықта өзекті болып отыр. Әсіресе жастар арасында есірткіні пайдалану ерекше алаңдаушылық туғызады. Есірткі заттарының тізбесі үнемі өзгеріп отырады. Синтетикалық есірткілерден бөлек дәстүрлі болып кеткен қарасора мен басқа да есірткі түрлері қолданылып жатады. Өкінішке орай, жастардың белгілі бір бөлігі психобелсенді заттарды қолдануға бейім», - дейді Зоя Владимировна.

Облыс бойынша наркологиялық статистикаға сенсек, өңірімізде дәрігер-наркологтардың бақылауында тұрған 14-тен 28 жасқа дейінгі жастардың ішінде психобелсенді заттарды пайдаланатындар саны – 2186 адамды құрайды. Оның ішінде 0 – ден 14 жасқа дейінгі балалар саны – 27 болса, 15-тен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер - 190 адам.
«Психоактивті заттарды қолдану себептеріне жасөспірімнің спиртті немесе есірткіні қабылдау арқылы ерекше сезім іздеуі, психопатия, яғни адамның дұрыс емес мінез-құлқы, бас сүйек-ми жарақаты жатады. Сондай-ақ бұған тәрбиелік және әлеуметтік факторлар да кем әсер етпейді. Атап айтсақ, темекі шегу, ішімдік ішу, жүкті әйелдің дәрілік заттарды дұрыс қабылдамауы, есірткі арқылы өзін өзгелерден ерекше етіп көрсету сияқты әрекеттер. Сондықтан жастардың бос уақытын қатаң бақылап, олардың спорт секцияларына деген қызығушылығын арттыру, жұмыспен қамту, мектеп пен отбасының өскелең ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудегі жауапкершілігін арттыру өте маңызды», - деп қосты ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив