KZ
Өскемен
ясно жел 2 м/с, С
497.26 525.21 4.97

ШҚО-да соңғы екі айда 92 млн теңгенің алименті өндіріліп алынған

5.06.2019, 05:43 76

Соңғы екі ай ішінде борышкерлерден 92 млн. теңге алимент өндіріліп, бірнеше жалғызбасты ана жұмыспен қамтылып, баспаналы болды. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы хабарлады.

«Уәкілетті органдармен бірлесе жүргізілген профилактикалық шаралар нәтижесінде облыс бойынша алименттерді төлеу жөнінде және заңмен қарастырылған жауаптылық туралы 26 үгіттеу баннерлері орнатылған.

Мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында, автобекеттерде, 66 елді мекенде жаднамалар мен плакаттар таратылды, Өскемен, Риддер және Зайсан қалаларында да осындай ақпараттар орналастырылды. Облыстың 13 аймағында, адамдардың көптеп жиналатын орындарда алименттерді төлемеу проблемасы туралы тақырыбында дыбыс және бейне көрсетілімдер ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, көмекке мұқтаж жандарға тиеселі әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мен түрлері туралы ақпарат беретін буклеттер таратылса, 165 борышкерге жұмыссыз ретінде есепке тұру қажеттілігі жайлы хабарламалар берілді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Қоса кетсек, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жалғызбасты екі ана жұмыспен қамтылып, тағы екеуіне мемлекеттік тұрғынүй қорынан баспана берілді. Әлеуметтік жағынан қауқарсыз топ санатына жататын 94 отбасыда тәрбиеленіп жатқан 118 балаға прокуратура қызметкерлері мен демеушілер жинаған қаражат есебінен материалдық көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу